ОАР-да бензин таситын көлік жарылып, жеті адам қаза тапты

ОАР-да бензин таситын көлік жарылып, жеті адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасында жанармай таситын көлік пен бірнеше жеңіл көліктің қатысуымен болған апаттан кем дегенде жеті адам қаза тапты.

Автобус та апатқа ұшыраған.

Ірі жол апаты Квазулу-Натал провинциясында болды. Көліктер соқтығысқаннан кейін оқиға орнында жарылыс болған. Жол апатынан 30-ға жуық адам зардап шекті.