Тайвань аралын қуаңшылық жайлады

Тайваньды ондаған жылдар бойы болмаған алапат қуаңшылық жайлады. Соның салдарынан елдегі егістік алқаптары қурап кетудің алдында тұр.

Туризм саласы да орасан зиян шегіп жатыр.

Су ресурстары агенттігінің хабарлауынша, қазір қоймалардағы су деңгейі 15 процентке азайған. Бұл бірінші кезекте жауын-шашын мөлшерінің аз болуымен байланысты дейді мамандар. Осыған байланысты елде суды пайдалануға шектеу қойылды. Мәселен, ірі өнеркәсіптер тұтыну көлемін 7 процентке қысқартуға тиіс.

Чен Чиу-Лан, шаруа:

- Су жетіспейді. Жауын-шашын болса мүлдем жоқ. Су тапшылығынан еккен дақылдар өспей, қиындыққа тап болдық. Лотостардың бәрі қурап жатыр.