ЕО вакцина төлқұжатын маусымда енгізеді

ЕО вакцина төлқұжатын маусымда енгізеді

Еуропа туристік маусымды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүріс-тұрысқа әзірге толық рұқсат етілмесе де, демалыс орындарына тапсырыс қабылданып жатыр. ЕуроОдақ маусым айының ортасына қарай вакцина төлқұжатын енгізбек. Онда туристің екпе салдырғанын немесе антиденелердің бар екендігін айғақтайтын ресми ақпарат болуы керек. Жалпы ішкі өнімі туризмге тәуелді Хорватия, Италия және Грекия сияқты еуропалық елдердің биліктері келушілерді қазірден асыға күтуде.