Аргентинада індет қайта өршіді

Аргентинада індет қайта өршіді
фото: footboom.com

Латын Америкасындағы Аргентинада да індеттің қайта өршуі байқала бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауруханалардың интенсивті терапия бөлімдерінің 70%-інде коронавирус жұқтырғандар жатыр. Ел астанасы Буэнос-Айрес пен оған қарасты аймақта бұл көрсеткіш 80%-ке жетеді. Аргентинада наурыз айынан бері қатаң локдаун енгізілген. Бірақ осыған қарамастан вирус жұқтыру бәсеңдер емес.