АҚШ-та автобусқа жасалған шабуылдан екі адам қаза тапты

АҚШ-та автобусқа жасалған шабуылдан екі адам қаза тапты

АҚШ-тың Сан-Франциско шығанағының маңында қаруланған белгісіз екі адам тас жолда келе жатқан автобусқа оқ жаудырған.

Салдарынан екі әйел мерт болды, тағы бесеуі түрлі жарақат алған. Марқұмдардың бірі ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер бір науқастың ауыр халде жатқанын айтады. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, көліктің ішінде туған күн кеші тойланып жатқан көрінеді. Полиция қызметкерлері автобусқа 70 шақты оқ атылғанын хабарлайды.

Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаскүнемдердің не себептен бұл қадамға барғаны белгісіз.