Перудегі Титикака көлінің экожүйесіне қауіп төнді

Перудегі Титикака көлінің экожүйесіне қауіп төнді

Оңтүстік Америкадағы ең үлкен көлдердің бірі болып саналатын Титикаканың экожүйесіне қауіп төніп тұр.

Мамандар судың бетін көп жылдан бері жиналған өсімдік пен балдыр басқанына алаңдаулы. Оның қалыңдығы сонша тіпті тазарту жұмыстарына экскаваторларды тарту керек дейді экобелсенділер. Қазір балықшылар мен жергілікті тұрғындар да атсалысып жатыр. Эколог мамандары болса шараға Боливия мен Перу билігінің де асарласқанын қалайды. Мәселен Титикака көлі екі елдің шекарасында орналасқан.

Карлос Зебайос, Пуно округының  конгрессмені: 

- Қазір аймақта жағымсыз иіс тұр. Экологиялық мәселе қошаған ортаға да қауіп төндіруде. Көлді балдырдан тазарту жұмыстарына ел үкіметі жәрдемдесу керек деп ойлаймын. Әзірге бұл шара муниципалитет билігінің деңгейінде ғана жүзеге асырылып отыр.