Сан-Диего жағалауында кеме апатынан бір мигрант қаза тапты

Сан-Диего жағалауында кеме апатынан бір мигрант қаза тапты

АҚШ-тың Сан-Диего қаласының жағалауында заңсыз мигранттардың қайығы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 1 адам қаза тауып, 8-і жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Ақпарат көздері құтқарушылардың 10 адамды өлім аузынан аман алып қалғанын хабарлайды. Қазір олармен АҚШ-тың кеден қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мигранттардың ел аумағына заңсыз кіру фактісіне қатысты тергеу ісі басталды.