Ресей электрлі самокаттарға байланысты жол жүру ережесіне өзгеріс енгізеді

Ресейде электрсамокат, сигвей және өзге де электрлі қозғалыс құралдарын пайдаланудың артуына байланысты жол жүру ережесіне өзгертулер енгізілгелі жатыр. Сарапашылар әзірге  самокатпен жүретіндерді көлік жүргізушілеріне теңеу дұрыс па, жоқ па, яғни олардың көлікке арналған жолдармен қозғалуына бола ма деген мәселені қызу талқылауда.

Ресей Көлік министрлігі электрсамокат, сигвей, гироскутер және монодөңгелекті жеке мобильді құрал деп атады. Былтыр Ресейде осы құралдардың қатысуымен 156 жол апаты тіркелді. Елде оларға арналған ереже жоқ. Электрсамокатпен жүретіндерді жаяу жүргіншіге ме жоқ әлде жүргізушіге жатқызуға бола ма? Ол жағы да әлі белгісіз. Көлік жүргізушілер болса олардың жолда кенеттен пайда болып, жылдамдықты сағатына 100 шақырымға дейін асыратынына ашулы. Ал жаяу жүргіншілер олармен жол бөлісуді тіпті қаламайды.

БЛИЦ:

- Әйел Әрине міндетті түрде шектеу керек. Оларға саябақта немесе басқа орындарда арнайы жол салу керек шығар. Жаяу жүргіншілердің жолымен жүргізуге болмайды. Ол өте қауіпті.

- Жылдамдықты азайтып, реттеу керек. Арнайы жол бөлу керек деп ойламайын.

Мәскеудегі адамдар көп шоғырланған жерлерде жалға алатын самокаттардың жүру жылдамдығы сағатына 15 шақырымға дейін шектелген. Жылдамдық автоматты түрде азаяды. Көлік министрлігі Жол жүру ережесіне өзгертулер дайындап жатыр. Магистральдарда самокатпен жүруге тыйым салынбақ. Ал егер ол сағатына 25 шақырымға дейін жүре алатын болса мопедтерге теңестірілмек. Бірақ жүргізушілер самокаттарды өздерімен бірдей дәрежеге көтеріп, ережеде жол апаты үшін жауапкершілік бекіту керек дейді.

Юлия Каблинова, «Синие ведерки» қоғамдық қозғалысының үйлестірушісі:

- Мұндай құрал иелері көлікті айдап үйрену мектептеріне жазылып, арнайы курстан өтіп, жүргізуші куәлігін алуы керек деп ойлаймын. Және қандай да болмасын даулы мәселені шешуге көмектесетін сақтандыру полисін де алуы тиіс.

Ресейде былтыр электр самокаттардың қатысуымен болған жол апаттарынан 6 адам қаза тапқан. Техникалық құралдар тез дамып жатқан кезде заңдар қаншалықты жылдам бейімделіп жатыр?

Авторлар: Дана Нуржан, Шахзод Гамиров