Үш мың жылда алғаш рет «тасманиялық ібілістер» дүниеге келді

Австралияның құрлықтық бөлігінде соңғы 3 мың жылда алғаш рет 7 «тасманиялық ібіліс» туды. Бұл туралы жергілікті зооқорғаушылар хабарлады.

Мамандардың айтуынша, жаңа туған аңдардың жағдайы жақсы. Енді олар алдағы бірнеше апта бойы жіті бақылауда болады. Бұған дейін австралиялық мамандар аталған жануарларды Сиднейдің солтүстігіндегі қорықта өсіріп келді. Сөйтіп, 2020 жылдың соңында 26 аңды еркіндікке жіберген болатын.

Айта кетейік, 2008 жылдан бері «тасманиялық ібілістер» қызыл кітапқа енгізілген.

Сондай-ақ...