Египетте қара зең дерті жеті адамнан анықталды

Қара зең немесе мукормикоз індеті Египетте де тіркелді. Дертті жұқтырған 7 египеттік анықталған.

Белгілі болғандай, кеселге шалдыққандардың барлығы жуырда коронавируспен ауырып шыққан.

Айта кетейік, мамандар қара зең ауруы топырақта, шаң мен шіріген жеміс-жидектен жұғады дейді. Қауіпті індет өкпені жасанды желдету аппараты арқылы да жұғып жатқаны анықталды. 

Эхаб Камаль, денсаулық сақтау министрінің көмекшісі:

- Қара зең ауруына шалдыққан науқастар анықталып жатыр. Отоларинголог, невролог пен көз дәрігерлерінің кеңесінен кейін науқастарды емдей бастадық. Қажетті дәрі-дәрмектердің барлығы бар. Кейбір науқастың беті бері қарай бастады. Бастысы, ауруды асқынддырып алмай дер кезінде анықтаған жөн.