Бразилияның Манаус қаласында 450 мың баспана топан су астында қалды

Бразилияның Манаус қаласында 450 мың баспана топан су астында қалды
фото: freepik.com

Бразилияның Манаус қаласындағы су тасқыны күллі шаһарды басып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақтағы өзеннің бұлай тасуы соңғы 100 жылда алғаш рет болып отыр. Табиғат апатынан шамамен 450 мың тұрғынның баспанасы топан су астында қалды. Аймақта қайықсыз жүру мүмкін болмай тұр. Жергілікті халық жауын-шашын маусымы шілде айына дейін аяқталатынына үмітті.

Айта кетейік, соңғы 13 жылда Амазонкадағы 10 су қорының жетеуі жиі арнасынан таси бастаған. Қоршаған орта қорғау агенттігінің мамандары соңғы жылдары апаттардың жиілеуін жаһандық жылыну процесімен байланыстырып отыр. Қазір Бразилияның кей өңірлері тасқынның зардабын тартса, кей жерлерде қуаңшылық белең алды.

Блиц 1:

- Тасқын басталғалы жұмыссыз қалдым. Енді міне, мына қайықпен адамдарды тасып, күнімді көріп жүрмін. Жағдайымыз не болатынын түсінсем бұйырмас.

Блиц 2:

- Климаттың өзгеруі мен апаттардың жиілеуіне адамзаттың өзі кінәлі. Енді табиғатқа келтірілген зиянның зардабын тартып отырмыз.