Ла-Манш арқылы Ұлыбританияға бет алған мигранттар көбейді

Ла-Манш бұғазы арқылы Франциядан Ұлыбританияға бет алған мигранттар саны көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, биыл жыл басынан корольдікке 3 мың 700 босқын табан тірепті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Соңғы бір аптаның өзінде Ұлыбританияға 600 мигрант барған. Жалпы Лондон алдағы уақытта миграциялық заңды қатаңдатуды көздеп отыр. Осыған байланысты консервативтік партия парламент қарауына жаңа заң жобасын ұсынбақ. Құжаттың басты принципі – ел аумағына заңсыз кірген мигранттарды кері қайтару. Жобаның кейбір тұстары Париж бен Берлиннің наразылығын тудырып үлгерген.