АҚШ-та кеме жолаушылары эвакуацияланды

АҚШ-та кеме жолаушылары эвакуацияланды

 

Нью-Йоркте кеме бортында 100-ден астам жолаушысы бар кеме қайраңға тұрып қалды.

Келеңсіз оқиға Бруклин ауданының жағалауында орын алған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланды. Жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді. Кеме Нью-Йорк пен Нью-Джерси арасында жүріп тұрады. Құтқару жұмыстарына арнайы қайықтар жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, апатқа кемедегі механикалық ақау себеп болған.