423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Johnson & Johnson вакцинасының 60 млн дозасы жойылады

  • 189
  • UPD: 23:56, 12.06.2021
АҚШ-та Johnson & Johnson вакцинасының 60 млн дозасы жойылады

Johnson & Johnson компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаның миллиондаған дозасын жоюға тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тың Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмекті санитарлық бақылау басқармасы осындай қаулы қабылдады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 60 миллионға жуық доза жарамсыз болып қалған. Бұл препарат Балтимордағы зауытта өндірілген. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде ковидке қарсы вакцина барлық елге тең дәрежеде жетпей жатыр. Сарапшылар экономикасы нашар елдерде салынған екпелер көлемі әлем тұрғындарының 1 процентіне де жетпейді дейді.

Хабар 24 телеарнасы