Үндістанда экономика 7,3%-ке құлдыраған

Үндістанда экономика 7,3%-ке құлдыраған

Коронавирус індетінің екінші толқыны Үндістан экономикасын құлдыратты.

Ассошиәйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, ел әлеуеті 7,3 процентке кеміген. Ковид шектеулерінен туындаған дағдарыс 30 миллионнан астам тұрғынды жағдайы орташа деңгейден кедейлер қатарына қосты. Сондай-ақ 75 миллион адам күніне 2 доллар да табыс таба алмай, тақыр кедейге айналған. Сарапшылар экономиканы қалыпқа келтіру ұзаққа созылатынын айтады.

Каника Гаутам, фитнес-зал иесі:

– Экономиканы қалпына келтіруге көп уақыт керек деп ойлаймын. Індет бизнесімізді әбден тұралатты. Енді ес жию үшін кемінде 2 жыл қажет сияқты.