АҚШ-тың екі штатында орман өртеніп жатыр

АҚШ-тың екі штатында орман өртеніп жатыр

АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния мен Юта штатында орман алқаптары өртене бастады.

Оңтүстік Калифорнияда өрт ошағы Вентура округінде тіркелді. Тілсіз жаумен күреске ұшақ пен тікұшақтар қолданылып жатыр. Мамандар алдағы күндері күн ысып, апат аймағы ұлғая түсе ме деп алаңдап отыр. Ал Юта штатында бірнеше өрт ошағы тіркелген. Лаулаған жалынмен 300-ден аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. Қазірге дейін өрт 40 шаршы шақырым жерге тараған. Жергілікті билік оның біраз бөлігі сөндірілгенін айтты.