Ертең Женевада АҚШ пен Ресей президенттерінің саммиті өтеді

Ертең Женевада АҚШ пен Ресей президенттерінің саммиті өтеді

Джо Байден мен Владимир Путин екіжақты қатынастардың жағдайы мен болашағы, стратегиялық тұрақтылық мәселесі мен күн тәртібінде тұрған өзге де өзекті сауалдарды талқылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлем көз тіккен шарадан ақпарат тарату үшін 44 елдің 1200-ден аса тілшісі Швейцария Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өтті. Арасында арнамыздың Еуропадағы тілшісі Жанат Эрнст та бар. Ел билігі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтті. Әскери-әуе күштері Женеваның әуе кеңістігін күзетіп жүр. Бүгіннен бастап ертеңгі кешкі беске дейін саммит өтетін ауданда аспан жабық болады. Ал жердегі қауіпсіздікті бір мыңнан аса тәртіп сақшысы қадағалайды. Қала әкімшілігі тұрғындарды саммитке байланысты туындайтын қиындықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.

Блиц 1:

- Осы екі президенттің кездесуі үшін біздің қаламызды неліктен таңдағанын білмеймін. Мұның бізге еш қатысы жоқ қой. Осы қауіпсіздік шаралары не үшін екен. Ауа райы керемет, адамдардың көбі осыны пайдаланып, көл жағасында демалғысы келеді. Басқаларға кедергі жасамай, қала сыртынан орын таңдауына болар еді.

Блиц 2:

- Елімізден тыс жерлерде соғыс жүріп жатыр, карантинге байланысты мәселелер де бар. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды. Осы мәселелер шешімін табар деген үміттемін.

Блиц 2:

- Бұл өте маңызды саммит деп ойлаймын, бүкіл әлем қаламызға назар аударады. Қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз еткенін көріп тұрмын.