Моңғолияда Президентті ұлықтау рәсімі өтті

Моңғолияда Президентті ұлықтау рәсімі өтті

Моңғолияда жаңадан сайланған президент Ухнаагийн Хурэлсухты ұлықтау рәсімі өтті.

Үкімет үйіндегі салтанатты шарада мемлекеттік ту көтеріліп, әскери шеру ұйымдастырылды. Моңғолияда маусымның 9-ы күні президенттік сайлау өтіп, Хурэлсухты халықтың 70 проценті қолдап, дауыс берді. Бұл саяси дода ел Конституциясына өзгеріс енгізіліп, президенттің басқару мерзімі өзгертілгеннен кейінгі алғашқы сайлау болды.