Вашингтонда салынып жатқан үй құлап, бес жұмысшы жарақат алды

АҚШ астанасы Вашингтонда салынып жатқан тұрғын үй құлап, 5 жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың біреуін оқиға орынына жеткен құтқарушылар үйінділер астынан аман-есен шығарып алды. Қазір жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың ешбіреуінің өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады. Апаттың себептері анықталып жатыр. Алдын ала болжамға қарағанда, оған қалада нөсерлетіп жауған жаңбыр себеп болуы мүмкін.