Жаңа Зеландияда әуе шарының құлауынан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр

Жаңа Зеландияда әуе шарының құлауынан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр

Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралында әуе шары құлап, 11 кісі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапа шеккендердің екеуі ауыр халде тікұшақпен әкетілді. Оқиға Эрротаун ауылының маңында болды. Әуе шары аспанда қалықтап бара жатқанда кенеттен қатты жел тұрып, адамдар отырған кабина аударылған. Шардың өзі электр желісіне барып ілініп қалды.