Бангладеш билігі: Зауыттағы өрттен көз жұмғандар саны артуы мүмкін

Бангладештің Нараянгандж қаласында сусын шығаратын зауыт өртеніп, 52 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 30 кісі жарақат алды. Өрт 5 қабатты ғимараттың бірінші қабатынан шыққан. Бірақ оның неден тұтанғаны белгісіз. Өрттен құтыламыз деп көп жұмысшы ғимараттан секіріп, жараланған. Кей ақпарға қарағанда, зауытта 7-8 мың адам жұмыс істеген. Жергілікті билік құрбандар саны артуы мүмкін деп отыр.

Сондай-ақ...