Гаити президентінің өлімі: ұсталған күдіктілер саны 23-ке жетті

Гаити президентінің өлімі: ұсталған күдіктілер саны 23-ке жетті

Гаити президенті Жовенель Моизге жасалған қастандыққа қатысты ұсталғандардың саны 23-ке жетті, деп хабарлады Гаити ұлттық полициясы.

Бұған дейін қылмыстық топтың 17 мүшесінің ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Полицияның жаңа мәліметтеріне сәйкес, 18 колумбиялық пен бес Гаити азаматы қамауға алынды.

Гаити президенті Жовенель Моиз белгісіз біреулердің оның резиденциясына жасаған шабуылы кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан көз жұмды.

Одан соң Гаитиде төтенше жағдай енгізіліп, 15 күн қаралы деп жарияланды