Солтүстік Кореяда су тасқыны үйлер мен егістікті шайып кетті

Солтүстік Кореяда толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты.

Тілсіз жау мыңнан астам үй мен ауылшаруашылық алқабын шайып кеткен. Сондай-ақ жолдар бұзылып, бірнеше көпір қирады. 5 мың тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілген. Құрбандар туралы ақпарат жоқ.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, жақын арада елдің шығысында жаңбыр жауады. Аймақта бірнеше тайфун соғуы да ықтимал.