Стоунхендж мегалиттерінің құрамы алғаш рет зерттелді

Стоунхендж мегалиттерінің құрамы алғаш рет зерттелді

Ұлыбритания ғалымдары Стоунхендж мегалиттерінің құрамына алғаш рет зерттеу жүргізді.

Мамандар өткен ғасырдың 50-жылдары ойып алынған тастың үгіндісін тексерістен өткізген.

Мегалит бөлігі ғылым тілінде  «58- тас» деп аталады. Ол содан бері АҚШ-та сақталып, 2018 жылы ғана Британияға қайтарылған. Ғалымдар компьютерлік томография, рентген сәулесін қолданған.