COVID-19: Испанияның оңтүстігінде коменданттық сағат енгізілді

COVID-19: Испанияның оңтүстігінде коменданттық сағат енгізілді

Испанияның оңтүстігінде коронавирус індетіне байланысты комменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешімді Андалусияның жоғарғы сотының сот-әкімшілік палатасы шығарды. Шектеу аймақтағы бірнеше қалада қолданылады. Оған сәйкес, тұрғындардың түнгі 02:00-ден таңғы 07:00-ге дейін көшеде себепсіз жүруіне тыйым салынады. Тәртіптің сақталуын жергілікті полицейлер қадағалайды.