Германияда санитарлық шараларға қарсы шыққан 500 адам тергеуге алынды

Германияда санитарлық шараларға қарсы шыққан 500 адам тергеуге алынды
РБК

Олар қоғамдық тәртіпті бұзып, шектеулерге бағынбай, полицейлерге шабуыл жасағаны айыпталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бір мың еуроға дейін айыппұл салуы мүмкін. Еске сала кетейік, тамыз айының басында карантин мен вакциналауға қарсы адамдар Берлинде шерулер ұйымдастырған. Сот салған тыйымға қарамастан, қаланың түрлі аудандарында 5 мыңдай адам жиналды. Олар шектеулерді алып тастауды талап етті. Өздері маска тақпай, әлеуметтік арақашықтықты да сақтамаған. Полиция шеруді күшпен таратты. Бір мыңнан аса адам қамауға алды. Сол қақтығыста 60 полицей мен бір журналист жарақат алған.

Тило Каблитц, Берлин полициясының баспасөз хатшысы:

– Тыйымды ешкім де елеген жоқ. Рұқсатсыз өткен шараның ұйымдастырушыларын ұстадық. Сондай-ақ Берлинге бара жатқан шерушілердің бір автобусын тоқтаттық. Дауыс күшейткіштері мен өзге сайманы тәркіленді. Жалпы операцияға 2 мыңнан астам полицей қатысты. Өкінішке орай, әріптестеріміз арасында жарақат алғандар бар.