Екпе егу науқанын жеделдету керек – Австралия билігі

Екпе егу науқанын жеделдету керек – Австралия билігі
РИА Новости

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Тамворт елді мекенінде қатаң карантин жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп. Мамандар ауылды жерге вирус 7 апта бойы карантинде болған Сидней қаласынан келді деп болжайды. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында соңғы тәулікте 283 адам індетке шалдықты. Науқастардың басым бөлігі Дельта штамын жұқтырған. Локдауннан аймақ экономикасы 1,5 трлн доллардан қағылуы мүмкін. Билік өкілдері екпе егу науқанын жеделдету керек деген талап қойды. Сиднейдегі жоғарғы сынып оқушылары да екпе қабылдай бастады. Бүгінге дейін 16 жасқан асқан австралиялықтардың 22 проценті ғана егілген.