АҚШ-та әлсіздерге вакцинаның үшінші дозасы салынады

АҚШ-та әлсіздерге вакцинаның үшінші дозасы салынады

АҚШ-та иммунитеті әлсіз адамдарға ковид екпесінің үшінші дозасы да берілетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы сол елдің азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы алдағы 48 сағатта мәлімдейді деп күтілуде. Мамандардың айтуынша, екпенің үшінші дозасы қатерлі ісікпен ауыратындарға, иммуносупрессивті ем қабылдап жүргендерге немесе өзге де себептерге байланысты иммундық жүйесі тым әлсіз жандарға беріледі. Өйткені Дельта штамының таралуы халықтық иммунитеттің  қалыптасуына тосқауыл болып, кері әсер тигізіп жатыр дейді мамандар. Джон Хопкинс Университетінің зерттеуі бойынша иммунитеті әлсіз америкалықтардың өзге науқастармен салыстырғанда ауруханаға түсу ықтымалдылығы 485 есе жоғары екендігі анықталды.

Вивек Мурти, АҚШ-тың бас санитарлық дәрігері:

– Бұл өзге де себептерге байланысты иммундық жүйесі әлсіз америкалықтарды ковидтен сақтау үшін жасалып отыр. «Бустер» деп аталатын екпенің үшінші дозасы өзінің ағза мүшесін трансплантациялаған адамдар үшін де қажет болуы мүмкін. Алайда екі дозалық екпенің тиімділігі әлсіз деп ойлап қалмаңыздар. Олардың тиімділігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бірақ иммунитеті тым әлсіздер үшін екі доза өкінішке орай жеткіліксіз болуы мүмкін.