Өлім аузынан аман қалған науқас құрдастарын екпе егуге шақырды

Өлім аузынан аман қалған науқас құрдастарын екпе егуге шақырды

Америкада коронавирустың дельта штамы балалар мен жасөспірімдер арасында көп тарап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттен қатты ауырып аман қалған 15 жастағы Паулина Веласкес құрбыларына барынша сақ болуға кеңес берді. Америкалық қыз вирустың қаншалықты қауіпті екенін ескертіп, жастарды екпе егуге шақырады. Паулина Веласкес ауруханаға өткен айдың 17-сі түскен еді. Көп ұзамай науқастың жағдайы нашарлаған соң, дәрігерлер оған өкпені жасанды желдету аппаратын қосқан. Қазір қыздың беті бері қарады.

Паулина Веласкес, Флорида тұрғыны:

– Достар вакцина қабылдау керек деп ойлаймын. Бұл өте маңызды. Менің ата-анамның басымнан өткен қиыншылықты ешкім көрмесе екен деймін.