Кабулдағы қазақстандық дипмиссия шектеулі құрамда жұмыс істеп жатыр

Кабулдағы қазақстандық дипмиссия шектеулі құрамда жұмыс істеп жатыр

Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев басқаратын дипломатиялық миссия Кабулдағы жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазақ елшілігінде шектеулі құрам қалған. Қызметкерлердің біраз бөлігі қауіпсіздік мақсатында дипмиссия ғимаратына бармай отыр. Өйткені Ауғанстандағы жағдай сағат сайын, тіпті минут сайын ушығып барады. Кейбір дерек көздері бойынша, тәліптер Кабулға дейін жеткен. Қазір қалада жарық жоқ.