423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кабулға жасалған әуе шабуылынан тоғыз адам қаза тапты – CNN

  • 110
  • UPD: 10:59, 30.08.2021

Кабулдағы әуе шабуылы салдарынан 9 бейбіт тұрғын көз жұмды. Бұл туралы АҚШ-тың «Си-Эн-Эн» телеарнасы хабарлады.

Марқұмдардың барлығы бір отбасының мүшелері. Алтауы бала. Ең кішкентайы небәрі 2 жаста болған екен. Ал Reuters агенттігі 6 адам қаза тапты деп хабарлайды. Әуе шабуылын американдық әскерилер ұйымдастырғаны белгілі. Олар «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содыры отырған көлікті көздеп, оны зымыранмен атқылаған. Өйткені қолда бар мәлімет бойынша қаскөй өзін әуежайда жарып жібермек болыпты. Әскерилер әуе шабуылы кезінде оның көзі жойылғанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы