Израиль топ болып келген туристердің елге кіруіне рұқсат бермек

Израиль топ болып келген туристердің елге кіруіне рұқсат бермек

Израиль қыркүйектің 19-ынан бастап топ болып келген туристердің елге кіруіне рұқсат бермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Туризм министрлігі хабарлады. Жаңа тәртіпке сай 5 -тен 30 адамға дейін топталып жүруге болады. Бірақ саяхатшылар кейінгі 6 ай ішінде коронавирусқа қарсы толық вакцина алғанын дәлелдейтін құжат көрсетуге тиіс. Айта кетейік, Израиль 2020-шы жылы індет басталғанда жеке туристердің келуіне тыйым салған. Ал топталып жүретін туристерге биыл мамыр айында рұқсат етіп, кейінірек қайтадан қатаң тәртіп орнатқан болатын.