Израильде түрмелердегі бүліктен кейін қақтығыстар басталды

Израильде түрмелердегі бүліктен кейін қақтығыстар басталды

Израиль түрмелеріндегі палестиналықтардың бүлігінен кейін Иерусалим қаласы мен Иордан өзеннің батыс жағалауында жаппай тәртіпсіздіктер белең алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иерусалимде шерушілер полицияға тас лақтырып, қақтығысқа түсті. Бірақ жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Жағдайға байланысты Израиль үкіметі шекарадағы қауіпсіздікті күшейтті.

Еске сала кетейік, өткен дүйсенбі күні Израильдің «Гильбао» түрмесінен лаңкестікпен байланысты өмір бойы бас бостандығынан айырылған 6 палестиналық қашып кеткен еді. Осыдан кейін билік түрмелередегі қауіпсіздікті күшейтіп, сотталғандарды өзге абақтыларға ауыстыруды қолға алған. Биліктің мұндай шешіміне қарсы шыққан сотталғандар камерларды жағып жіберген еді.