Мексикада зілзаладан кейін 100-ден астам дүмпу тіркелген

Мексикада зілзаладан кейін 100-ден астам дүмпу тіркелген

Мексикада кеше Акапулько қаласына жақын жерде болған жер сілкінісінен кейін тағы 100-ден аса дүмпу тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Курорттық қаланың көп тұрғындары мен саяхатшылары зілзаланың қайталануынан қорқып далада түнеді. Туристер эвакуациялауға байланысты қонақ үйлеріне қайта алмаған. Еске сала кетейік, кеше Мексиканың Акапулько қаласына жақын жерде 7,4 балдық жер сілкінісі болып, бір адам қаза тапты. Табиғат апатынанан үйлер қатты қирап бүлінбеген. Бірақ зілзала 400 шақырымдай жерде орналасқан ел астанасы Мехикода да сезілген. Бірқатар жерде лай көшкіні жүріп, тас жолдар жабылып қалған.

БЛИЦ:

– Зілзала кезінде қонақ үйде дүрбелең туып, адамдардың барлығы есікке қарай жүгірді. Жер сілкінісінің қатты болғаны соншалық, ғимарат құлап кететіндей сезілді. Мұндайды ешқашан көрмеппін.