Каталония халқы Испаниядан ел тәуелсіздігін талап етті

Каталония астанасы Барселонада мыңдаған адам Испаниядан тәуелсіздігін талап етіп, көшеге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеруге қатысқандар саны туралы мәлімет әр түрлі. Полиция ереуілшілер қатары 100 мыңнан асты десе, ұйымдастырушылардың өзі 400 мың тұрғын шеруге шықты дейді. Бұл 2017 жылғы наразылық кезінде қамауға алынған, азаттықты аңсаған қозғалыстың 9 көшбасшысын үкімет бостандыққа шығарғаннан кейінгі ең ірі ереуіл.

Блиц:

– Саяси партиялар өзара дауласудан әрі аса алмай отыр, ал біз қарапайым адамдар нақты нәтижеге ұмтылуымыз керек.

– Азаттық үшін күрестен бас тартқанымызды қалайтындардың көксегені не? Испанияның Каталонияға арналған нендей жоспары бар? Жауабын айтайын: олардың ойы – бізді қуғын-сүргінге ұшырату.

Наразылық соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Шерушілер сақшыларға дәретхана қағазы мен түрлі қоқыс лақтырған. Полиция ондаған белсендіні қамауға алды.