Түркияда туристер мінген автобус пен мектеп микроавтобусы соқтығысты

Түркияда туристер мінген автобус пен мектеп микроавтобусы соқтығысты
Түркияның денсаулық сақтау министрлігі

Түркияда туристік автобус апат болып, салдарынан бір адам қаза тауып, 49 адам зардап шекті. Бұл туралы Cumhuriyet газетіне сілтеме жасай отырып «Хабар 24» хабарлайды.

Апат дүйсенбі күні таңертең Түркияның оңтүстік-батысындағы Мугла провинциясында болды.

Газеттің хабарлауынша, украиналық туристерді тасымалдайтын автобус мектеп микроавтобусымен соқтығысып, содан кейін аударылып кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, туристік автобустың жүргізушісі оқиға орнында жүрек талмасынан қайтыс болған.

Автобуста болған 41 украиналық турист, жеті оқушы және микроавтобус жүргізушісі әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Барлық зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.