Әлемде 10 жылдан кейін 400 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

10 жылдан кейін әлемде 400 млн адам жұмыссыз қалып, оларды роботтар алмастыруы мүмкін. Бұл – жаһандағы барлық жұмыс орнының 15 проценті.

Еңбек нарығындағы өзгерістер – Еуразиялық медиафорумның кезекті сессиясына арқау болды. Спикерлердің айтуынша, цифрлық жүйенің қарқынды дамуына байланысты онлайн форматта білім беруге сұраныс артты. Осы тұрғыда сарапшылар қажетсіз болып қалатын мамандарды қолдау туралы айтты. 

Геворг Меликян, Армения Республикасы президентінің көмекшісі:

– Медиафорум Еуразиялық брендке айналды. Құрлықтық ынтымақтастық үшін өте қажет алаң. Тек Бұқаралық ақпарат құралдары емес, футорология мен экология салалары қамтылып жатыр. Мен бұл халықаралық шараның ғұмыры ұзақ болуын тілеймін. Белгілі бір мәселелерді талқылап қана қоймай, шешу жолдарын табу мақсатындағы жалпыға ортақ жұмыс жемісін береді деп сенемін.