Тунисте мыңдаған адам билікке қарсы шеруге шықты

Тунисте мыңдаған адам билікке қарсы шеруге шықты

Тунисте жұрт билікке қарсы көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңдаған адам қала көшелеріне шығып, қазіргі мемлекет басшысының өз құзыретін кеңейтуіне наразылық білдірді. Шерушілер «екі ай бұрын парламентті таратып, атқарушы билікті қолына алған президент Каис Саидтың қызметінен кетуі керек», дейді. Себебі ол парламент жұмысын тоқтату туралы шешімді созып, ел Конституциясын қайта қарайтынын мәлімдеген. Саидтың айтуынша, бұл мемлекеттегі ішкі саяси дағдарысты тоқтатып, экономикалық тоқыраудан шығу үшін қажет. Ал оппозиция болса, Саид билікті қолына алу үшін заңсыздыққа барып отыр деп есептейді.