АҚШ коронавирус құрбандары саны бойынша әлемде бірінші орында

АҚШ коронавирус құрбандары саны бойынша әлемде бірінші орында
Anadolu Agency

Осы аптада мұнда кісі өлімінің көрсеткіші 700 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар жыл соңына дейін эпидаухал тұрақталады деп болжап отыр. Бірақ әлем бойынша індет біржола жойылады деуге әлі ерте дейді.

Скотт Готтлиб, АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасының бұрынғы басшысы:

– Бүгінде АҚШ-тың бүкіл аумағында коронавирустың дельта штамы басым болып тұр. Бірақ уақыт өте келе оның таралу деңгейі азаяды. Десе де бұл індет аяқталды дегенді білдірмейді. Ковид тұмау сияқты белгілі бір кезеңде айналып соғып тұрады. Біржола жоғалады деп ойламаймын.