Албанияда төрт ресейлік турист қаза тапты

Албанияда төрт ресейлік турист қаза тапты

Албанияның батысындағы Керрет қаласында демалып жатқан 4 ресейлік турист қонақүйдегі моншада белгісіз себептермен қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдар – 31 мен 60 жас аралығындағы бір отбасының мүшелері. Тирана қаласындағы Ресей елшілігі олардың қазасына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз екенін айтады. Тергеу ісі жалғасып, қонақ үйдің барлық қызметкері сұралып жатыр. Алдын ала болжам бойынша туристер бассейндегі хлордан көз жұмған.