Босқындар қай мемлекетке барғысы келеді?

Босқындар қай мемлекетке барғысы келеді?

Еуроодақ елдеріне ағылған мигранттар саны пандемияға дейінгі деңгейге жетті.

Бір ғана тамыз айында мұнда 56 мыңнан аса сауал келіп түскен. Әсіресе Германияға келуге ниет білдіріп жатқандар көп. Олардың дені Сирия, Ауғанстан мен Ирак азаматтары. Сарапшылар қазіргі көші-қон дағдарысына Ауғанстандағы жағдай себеп дейді. Билік басына тәліптер келгеннен кейін жан-жаққа бас сауғалаған босқындар көбейген. Мұның үстіне Беларусь билігінің де көрші елдермен шекарасын ашып жіберуі мигранттар нөпірінің артуына әсер етті.