Ердоған елшілерге қатысты ойынан айнып қалды

Ердоған елшілерге қатысты ойынан айнып қалды

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған 10  мемлекеттің елшілерін елден шығармайтын болды.

Осыған дейін АҚШ, Германия, Франция, Канада, Финляндия, Норвегия, Швеция, Дания, Жаңа Зеландия мен Нидерланды дипломаттары Түркия мемлекетінің ішкі саясатына араласты деп айыпталған еді. Оған себеп аталмыш елшілер  Мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс жасады деп күдікке ілінген түрік бизнесмені, құқық қорғаушы  Осман Каваланы босатуды талап еткен еді. Ердоған болса демаршқа үн қосқан осы 10 мемлекет елшілерін елден шығаруға бекінді. Алайда жуырда президенттің ашуына іліккен елшілер жаңа мәлімдеме жасап, бұдан былай ресми Анкараның ісіне араласпайтынына уәде берді. Осыдан кейін Реджеп Тайип Ердоған райынан қайтты.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- Бұл елшілер Вена конвенциясының талаптарына бағынып, өзе елдің ішкі істеріне араласпауы тиіс. Бұдан былай Түркияның егемендік құқығына нұқсан келтірмей, өз мәлімдемелерінде өте абай болу керек. Еліміз бен тәуелсіздігімізге сыйластық танытпағандар Түркия жерінде қалмайды.