Сербия президенті екпенің үшінші дозасын салдырды

Сербия президенті екпенің үшінші дозасын салдырды

Александр Вучич коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы да алғашқы екі доза сияқты Қытайдың Sinopharm компаниясының вакцинасын салдырды.

Айта кетейік, жеті миллион тұрғыны бар Сербияда халықтың 35 проценттен астамы ғана егілген.

Александр Вучич , Сербия президенті

– Мен азаматтарды коронавирусқа қарсы екпе салдыруға шақырамын. Covid-19-ға қарсы осымен үшінші рет вакцина салдырдым. Ештеңе сезген жоқпын. Барлығы жеңіл өтті.