434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Германияда егілмеген тұрғындарға шектеулер қатаңдатылды

  • 83
  • UPD: 10:11, 12.11.2021
Германияда егілмеген тұрғындарға шектеулер қатаңдатылды

Берлинде дүйсенбіден бастап вакцина қабылдамаған тұрғындар мейрамхана, кинотеатр мен басқа да қоғамдық орындарға кіре алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар, ашық аспан астындағы іс-шараларға да егілген тұрғындар ғана қатыса алады. Биліктің бұл шешіміне  аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы түрткі болды. Мәселен, соңғы тәулікте Германияда 50 мыңнан астам адам ковид індетіне шалдыққан. Бұл пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Жергілікті билік жағдайдың оңалмауына әр үшінші тұрғынның егілмеуі себеп дейді. Сондықтан мамандар аймақта вакцинация науқанын жылдамдату керек деген пікірде.

Олаф Шольц, Германия вице-канцлері:

– Вирус әлі де ел тұрғындарына қауіп төндіріп тұр. Көбі вакцина қабылдағанмен, егілмегендер де жеткілікті. Сондықтан ұлт саулығы үшін барлық тиісті шараларды қолға алуымыз керек. Біз барынша сақ болуымыз тиіс.

Хабар 24 телеарнасы