Польша шекарасындағы мигранттарға көмек көрсетіліп жатыр

Польша шекарасындағы мигранттарға көмек көрсетіліп жатыр

Польша шекарасында волонтерлер Беларусьтен келіп жатқан мигранттарға қолұшын созып, арнайы орталықтар ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай орталықтар Михалово қаласында орналасқан. Қайырымдылық ұйымдары контейнерлерді барынша жылы киім, дәрі-дәрмек пен тамаққа толтырып жатыр. Оларды босқындар лагеріне жеткізіп, мұқтаждарға үлестіреді. Өйткені кейінгі күндері Польша мен Беларусь шекарасында мигранттардың жағдайы қиындай түскен. Қазіргі мәлімет бойынша 2 мыңдай мигрант бар.

Томаш Йохимски, волонтер:

– Волонтерлер мұқтаж азаматтарға көмектесуге асық. Кеше біз мигранттарға жылы киімдер тараттық. Көріп тұрғандарыңыздай, адамдардың көбі ашқұрсақ. Бәрі қатты қиналып жүр. Жаның ашиды.