АҚШ Ресейді спутникке қарсы қаруды сынағаны үшін айыптады

Ресей орбитада жерсерікке қарсы зымыранын сынақтан өткізгенде өздеріне тиесілі «Космос-1408» жерсерігін қағып кеткен.

Сөйтіп, жер орбитасында халықаралық ғарыш станциясына қатер төндіретін 1 жарым мыңдай ірі көлемді қиранды мен жүздеген мың ұсақ қоқыс пайда болды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс хабарлады. Вашингтонның бұл мәлімдемесіне Ресей тарапы әзірге жауап қатқан жоқ. Тек Роскосмос ғарыш агенттігі бұған дейін ғарыш қоқыстары станцияға қауіп төндіргенін хабарлаған. Соған орай экипаж «Союз» бен Crew Dragon кемесіне көшкен.

Нед Прайс АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы

- Орбитада пайда болған коқыстар мен қирандылар барлық мемлекеттердің мүддесіне нұқсан келтіреді. Сонымен қатар халықаралық ғарыш станциясындағы астронавттардың өміріне де қауіп төндіреді.