Мексикада екі көлікке тиелген жүздеген мигрант ұсталды

Мексикада екі көлікке тиелген жүздеген мигрант ұсталды

Мексиканың Веракрус штатында полиция екі жүк көлігіне тиелген жүздеген мигрантты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, олардың арасында жүкті әйелдер мен балалар бар. Оңтүстік Американың бірнеше елінен шыққан босқындар АҚШ-қа қарай өтуді көздеген. Қазір олардың қай елдің азаматтары екені анықталып, тиісті медициналық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, биыл Мексикадан АҚШ-қа қарай заңсыз өтпек болған босқындар қарасы рекордтық көрсеткішке жеткен. Осы елдің шекара қызметі жыл басталғалы шекарада 1 миллион 700 мыңнан аса мигрантты ұстаған.