Өзбек басшысы Ресейге барды  

Өзбек басшысы Ресейге барды   
The Qazaq Times

Өзбекстанның қайта сайланған президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясына сапарлады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ресей мен Өзбекстан президенттері Ауғанстандағы жағдайды екіжақты кездесу барысында талқылады. Қазіргі таңда екі мемлекет арасындағы алыс-беріс артып, әріптестік нығая түскен. Биыл 9 айдың ішінде Өзбекстан Ресейге 1,5 млрд доллардың тауарын экспорттаса, 3,5 млрд доллар болатын ресейлік өнімді импорттаған екен. Қазіргі таңда Өзбекстанда орыс университеттерінің 15 филиалы жұмыс істейді. Екі ел президенті түрлі саладағы әріптестікті дамытуды көздейтін 18 маңызды құжатқа қол қойды. Өзбек басшысының бұл сапары екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге шығарады, дейді сарапшылар.

Равшан Назаров, саясаттанушы:

– Екі мемлекет арасындағы әріптестік жақсы дамып келеді. Бұл ынтымақтастық одан әрі нығая түсуі тиіс. Сол себепті Шавкат Мирзиёевтің Ресейге сапары өте маңызды болып отыр. Оның үстіне келер жылы Ресей мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.