Еуроодақ Беларуське қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр

Еуроодақ Беларуське қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр

Еуроодақ АҚШ, Канада және Ұлыбританиямен бірігіп Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр.

Бұл шаралар Польшамен арадағы шекара бойындағы мигранттар мәселесіне қатысты қабылданбақ. Страсбургтегі Еуропарламенттің пленарлық сессиясында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен осылай деп мәлімдеді. Санкциялар заңсыз көші-қонның құралына айналған көлік операторларына қарсы бағытталуы мүмкін. Бұл ұсыныс Еуропарламент пен Еуроодаққа мүше барлық елдердің талқылауына ұсынылмақ.

Шарль Мишель, Еурокеңес төрағасы:

– Біз сыртқы шекарамызды бақылауда ұстап, заңсыз көші-қонның жолын кесеміз және қылмыскерлердің мигранттарды пайдалануына түбегейлі қарсымыз. Адамдардың қиналып, қайтыс болғанына жол бермеуіміз керек.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Бұл қауіп-қатер мемлекеттің адамдарды саяси құрал ретінде пайдалануынан туындап отыр. Бұл Польша, Латвия мен Литваның Беларусьпен арадағы екі жақты мәселесі ғана емес, бұл бүкіл Еуропаға қатысты түйткіл.