Ресейде қаза тапқан 18 кенші туралы тың ақпарат бар

Ресейде қаза тапқан 18 кенші туралы тың ақпарат бар

Кузбаста құтқарушылар Листвяжная кен орынында қаза тапқан 18 кеншінің орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірақ Төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше, оларды қазір кен орнындағы ауаның нашарлауына байланысты жоғары шығаруға болмайды. Апат болған учаскеде қайтадан жарылыс болмас үшін метанның шоғырлануын азайту жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, қарашаның 25-і күні Кузбасстағы Листвяжная көмір кенішінде апат болды. Төтенше жағдай кезінде 51 кенші қаза тапты.